USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

2021 жылғы 25 қараша 10:25
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
ҚазАқпарат қызметкері «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау іс-шараларын атады Отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Облыс әкімінің айтуынша, халыққа вакцина салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, вакцина алуға тиісті тұрғындардың 100 пайызы екпенің бірінші компонентін алған, ал екінші компонентін 7 желтоқсанға дейін салу жоспарланған.

Кездесу барысында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Даниал Ахметовтің мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.

Президентке жақында ашылған «Үлбі-ТВС» зауытының жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпорында жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылады және 140 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытта жылына 200 тонна уран отыны өндіріледі.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымы кезінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT