Мемлекет басшысы: Соттың қорытынды үкімі жалпы қоғамға да түсінікті болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соттың қорытынды үкімі процеске қатысушыларға да, жалпы қоғамға да түсінікті болуы керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесті реформалау туралы айтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың басымдығын атап өтті.

«Ол үшін прокурорлар мен адвокаттардың сотта сөз жарыс жүргізуіне шынайы жағдай жасалуы, сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерінің кеңейтілуі, бірыңғай сот практикасы қамтамасыз етілуі тиіс. Соттың қорытынды үкімі процеске қатысушыларға да, жалпы қоғамға да түсінікті болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар