Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерімен 26 кездесу өткізді - Ерлан Қарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы 1,5 жылдың ішінде Ұлттық кеңес мүшелерімен 26 кездесу өткізді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Ұлттық кеңес тарапынан қоғам белсенділері, сарапшылар және мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету, ұсыныстар әзірлеу жұмыстары өз жалғасып табуда. Қазан айында өткен Ұлттық кеңестің 4-отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша 21 тармақтан тұратын арнаулы іс-шаралар жоспары қабылдады. Берілген тапсырмалардың тиісті түрде орындалуы хатшылық тарапынан бақылауға алынды. Оған қоса, Ұлттық кеңес мүшелері ұсыныстарының негізінде әзірленген тапсырмалардың іке асу барысы хатшылықтың ерекше назарында. Атап айтқанда, қаңтар айының басында саяси реформалардың бірінші топтамасы аясында соңғы заң қабылданған болатын. Ол - өлім жазасының күшін жоюға бағытталған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша,саяси реформалардың екінші топтамасы бойынша қазіргі уақытта 5 заң жобасы, бір Президент Жарғысы әзірленіп отыр. Саяси реформалардың үшінші топтамасы аясында алдағы уақыттың өзінде үш заң жобасын әзірлеу қарастырылған. Олардың ішінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, саяси бюльетендеріне «бәріне қарсымен» деген жазуды енгізу және басқа да бастамалар Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.

«Бұдан бөлек мемлекеттік органдар мен Ұлттық кеңес мүшелері арасында өзара әрекет ету жұмыстары жалғастырылды. 2020 жылы онлайн форматта Ұлттық кеңес мүшелері мен министрлік басшыларының 13 кездесуі өткізілді. Кездесулер барысында Ұлтық кеңес мүшелері министрліктердің жекелеген қызмет салалары жұмысын одан ары жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Ұсынылған мәселелерді одан әрі бірлесіп пысықтау үшін кеңестің бірқатар мүшесі министрліктер жанындағы жұмыс топтарына шақырылды», - деді ол.

Сонымен қатар ол биыл Мемлекет басшысының Ұлттық кеңес мүшелері қабылдау тәжірибесі де жалғасқанын айтты.

«Ұлттық кеңес құрылғаннан бері 1,5 жылдың ішінде мұндай 26 кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездеулерде айтылған мәселелер мен ұсыныстар хатшылықтың тарапынан бақылауға алынған. Ұлттық кеңес қызметінің нәтижелерін қорытындылау және диалог алаңын тиімді насихаттау мақсатында 2020 жылдың қараша айында Ұлттық кеңес кз веб-сайты іске қосылды. Бұдан басқа Ұлттық кеңес құрылған сәттен бастап оның Telegram, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде аккаунты жұмыс істейді. Аталған жұмыстардың барлығы ұлттық кеңестің тиімді қызмет етуіне ықпал етеді және ары қарай да бұлбағыттарда жұмыс жүргізіледі», - деді Ерлан Қарин.

Еске салсақ, Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті.



Соңғы жаңалықтар