Мемлекет басшысы: Үш күнде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешуді тапсырамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үш күндік мерзімде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешу қажет. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Төлем картасын алу ең өткір мәселелердің бірі. Тек қана техникалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдардың нормативтік ортасы, бизнес-процесстері дайын болмай шықты. Түрлі сылтаулармен карталарды жеңілдетіп шығару созылып барады. Ал бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың, көлегейлі төлемдер көлемін төмендетудің шынайы мүмкіндігі. Үш күнде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешуді тапсырамын», - деді ҚР Президент.


Соңғы жаңалықтар