Мемлекет басшысы жасыл инвестициялар нарығын кеңейту бойынша нақты ұсыныс енгізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық Fintech қызметтердің дамуы мен экспортының айтарлықтай әлеуметі бар. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жыл отандық Fintech саласындағы жетістіктермен белгілі болды. Өткен жылы қазақстандық Kaspi.kz Fintech-компаниясы Лондон қор биржасында ІРО өткізді. Компания қазіргі сәтте нарықтық капиталдануы 17 млрд долларға жеткен еліміздегі ең қымбат жария компанияға айналды. Бұған қоса, оған инвестиция АҚШ, Еуропа, Азияның жаһандық инвестициялық қорларынан келіп отыр. Бұл отандық Fintech қызметтердің дамуы мен экспортының айтарлықтай әлеуеті бар екендігін білдіреді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында FinTech Lab реттеуші құмсалғышы іске қосылды. Оның аясында инновациялық қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.

«Үкімет KPMG компаниясының жетекші халықаралық технологиялық компанияларды жұмыс өтілі бар қазақстандықтарды тарту және дамыту бағдарламасын іске қосу жөніндегі бастамасын қолдауы қажет деп еептеймін. Дойче банктің Environmental, social and governance-пен байланысты жасыл облигациялар және қаржы құралдарын кеңінен іске қосу ұсынысы да тартымды. Ұлттық банкке, Қаржылық реттеу агенттігіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығына Дойче банктің ұсынысын зерделеуді және Қазақстанда жасыл инвестициялар нарығын кеңейту бойынша нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар