Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы сарыағаштық жастармен кездесті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының жастармен кездесуі өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған кездесуге ауданның түрлі саладағы белсенді және өзге ұлт өкілдерінің жастары, студенттер және жоғары сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақ – жастардың қолында» тақырыбында өткен кездесуге аудан әкімдігі мен Жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.

Басқосуда басты қонақ - Оразкүл Асанғазықызы жастарға қазақ баласының бойына тән тектілікті дәріптеді. Ана тілге деген адалдықты бойтұмар еткен тіл жанашыры сондай-ақ, отбасы құндылығы мен салт-дәстүр сабақтастығын, тарих тағлымы мен ұрпақ тәрбиесі хақында түсіндіріп өтті. Мұндай бақыттың екінің біріне бұйыра бермейтінін айтқан қоғам қайраткері бар жан-тәнімен жастарға отбасының аман сақтап қалу керектігін және бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің тым ашықтығын тілге тиек етті.

Жастар арасында ажырасудың да жиі орын алып жатқандығын да айтты. Өмірлік тәжірибелерімен бөліскен тіл жанашыры әрбір жастың бойында тулататын әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, тілегін білдірді. Өз кезегінде Оразкүл Асанғазықызының жастармен кездескенін сарыағаштық жұртшылық та жақсылыққа балап, алғыстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар