Мемлекет жастардың елдегі қоғамдық-саяси процестеріне қатысуын қолдайды – сарапшылар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сарапшылар заң шығарушы және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жастардың белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған заңнамалық бастамаларды қолдау ретінде өз ойларын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірқатар қазақстандық сарапшылар жастардың саяси және заңнамалық процестерге қатысуының маңыздылығын атап өтті

Алматы қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Фарида Жылқыбаеваның айтуынша, Заңға енгізілген соңғы түзетулердің арқасында сайлауға көптеген жастар мен әйелдер қатысуда.

«Бүкіл ел бойынша сайлауға көптеген жастар мен әйелдер қатысады және бұған дейін көтерілмеген көптеген мәселелер тиісті ба», - деді ол.

А. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» директорлар кеңесінің төрайымы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Тұрсынкүл Ботабекова Президент енгізген түзетулердің өзектілігін атап өтті.

«Біздің жасап жатқанымыздың бәрі келешек жас ұрпақтың игілігі үшін. Өйткені, олар біздің тәжірибеміздің, біліміміздің, даналығымыздың тасымалдаушылары, сонымен бірге олар креативті, сауатты, талантты, әсіресе цифрлық технологиялар саласында білгендері көп, өздерін қамтамасыз ете алатын деңгейде. Сондықтан ғалым, кәсіби мұғалім және тәлімгер, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы, 42 жылдық тәжірибесі бар дәрігер бұл түзетулердің уақтылы, өзекті және сұранысқа ие екендігіне сенімдімін»,-деді Т.Ботабекова.

Қазақ қыздар педагогикалық университетінің құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ақмарал Қожабекова да осы түзетуді қолдады.

«Жастарға жол» қағидатын ұстанғаннан кейін, мен басқару органдарында жастарды көбірек көргім келеді. Жастар — жаңа үрдістер, жаңа мақсаттар мен міндеттер, оларды шешудің жаңа тәсілдері», - деді А.Қожабекова.

Еске салайық, 2020 жылғы 25 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қатынастар саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мақсатында бірқатар заңдарға қол қойды. Атап айтқанда, саяси реформалар пакетін іске асыру шеңберінде саяси партиялар туралы және сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген түзетулерде әрбір саяси партия сайлауға қатысу үшін партиялық тізімді қалыптастыру кезінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жас адамдар үшін арнайы 30% квота бөлуге міндетті. Жалпы, қабылданған заңдар көппартиялықты, плюрализмді дамытуға, әртүрлі атаулы топтардың саяси қатысуын кеңейтуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар