Мемлекеттік бақсаруды дамыту тұжырымдамасының 14 бағыты ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ел деңгейінде мемлекеттік қызметке дарындыларды іздеу және тарту тетіктері жетілдірілетін болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазіргі кезде кадр сапасын арттыру және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мәселелерін шешуге арналған 14 жобаны анықтағанын, олардың мазмұнын, мерзімін және қажетті қаржыландыруды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

«Бірінші жоба - мемлекеттік қызметке қатысты дарындарды ашу және тәрбиелеу жүйесі. Екіншісі - меритократия қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің «позициялық моделін» енгізу. Осы тұрғыдан алғанда, «позициялық модель» мемлекеттік қызметшілер тек іштен емес, сонымен қатар сырттан да таңдалатындығын білдіреді. Егер мемлекеттік қызметте жоқ, бірақ жақсы білім, құзыреттілік алған жастар болса - олар үшін мемлекеттік қызметке жол ашық болады», - деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Келесі жоба - инклюзивтілік пен икемділік принциптері бойынша мемлекеттік органның кадрлық стратегиясын және кадрлық жоспарлауды жүзеге асыру.

«Біз тек іштен ғана таңдамаймыз, әртүрлі саладағы адамдар қатысады. Көп жағдайда мемлекеттік қызметке нақты сала мамандары жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін принцип іске асырылатын болады. Төртінші жоба - HR жазбаларын басқаруды автоматтандыру. Келесі - үміткерлердің кәсіби және жеке құзыретіне назар аудара отырып, іріктеу процедураларын жетілдіру. Алтыншы жоба - белгілі бір саяси лауазымдарға үміткерлердің құзыретін бағалаудың бағалау орталығы әдісін енгізу. Әңгіме вице-министрлер, облыс, аудан әкімдерінің орынбасарлары туралы болып отыр. Шын мәнінде, бұл адамдар белгілі бір біліктілікке сай болуы керек. Олардың әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстайтынын және тұрғындармен қалай жұмыс істей алатынын түсіну үшін бағалау орталығы қажет», - деп түсіндірді Анар Жайылғанова.

Оның айтуынша, агенттік «Жаңа формация көшбасшысы» курстарын өткізеді, онда олар дұрыс коммуникация жүргізуді, халықпен жұмыс ісеуді, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін трансформациялық көшбасшы қандай болу керектігін үйретеді.

«Жетінші жоба - мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін жаңа құндылықтар негізінде бағалау жүйесін жетілдіру. Сегізінші жоба - персоналды этикалық бағалаудың «360 градус» әдісінің цифрлық қосымшасы. Сондай-ақ, келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер институтын енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік пакетін қайта қарау мәселесін қарастырамыз. Он бірінші жоба – жүйеде мемлекеттік органдардың қажеттілігімен тығыз байланыста білім, біліктілік және дағдыларын үнемі жетілдіру. Мемлекеттік органның қажеттілігіне байланысты біз мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік қызмет агенттігінің қабырғасында оқытатын боламыз», - деді Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар