+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Мемлекеттік басқару саласындағы кадрлық мәселелер талқыланды

2021 жылғы 9 ақпан 18:33
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік басқару саласындағы кадрлық мәселелер талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Қазақстандық HR-менеджерлер қауымдастығы Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясының «Мемлекеттік басқарудағы кадрлық процестер: қиындықтары мен келешегі» атты халықаралық конференциясының панельдік сессиясына қатысты. Жиын барысында аймақтың 10 елінен 200-ден астам мемлекеттік орган өкілдері, практиктер мен сарапшылар кадр мәселесіне қатысты өзекті проблемаларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Панельдік сессия мақсаты қазіргі жағдайда HR менеджментін дамыту үшін инновациялық шешімдер іздеу, озық тәжірибе мен білім алмасу болды. Мемлекеттік басқару тиімділігін қамтамасыз етудегі адами ресурстарын басқару жүйесінің рөлі де талқыға салынды.

Панельдік сессия ашылуында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов: «Адами ресурстарды басқару маңыздылығы қазіргі кезде бүкіл адамзат, оның ішінде мемлекеттік қызмет тап болған төтенше жағдайда ерекше мәнге ие», - деді. Ол: «Егер мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың абыройына, еңбегіне, күш-жігері мен уақытына құрмет көрсету барлық деңгейде сіңірілсе, мемлекеттік басқарудың корпоративті мәдениеті мен мемлекеттік аппарат қызметі тиімділігі артады» - деп атап өтті ол.

Беларусь Президенті жанындағы Басқару академиясы ректоры Вячеслав Данилович мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кадр қызметі директоры орынбасары Олег Тaрбинский Астана хабы ұйымдастырған тәжірибе алмасу көрші елдердің, соның ішінде Қырғыз Республикасы дамуында ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

Қазақстандық HR-менеджерлер қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова Астана хабы жобасы аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе өткізген зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Зерттеуде еліміздің жеке, квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларының 113 мекемесінің 5900-ден астам қызметкері қамтылған. Осы зерттеу арқылы кадрлық процестерді жетілу және даму деңгейін анықтайтын кешенді әдістеме сыналды.

Сессия қатысушылары осы зерттеуге аса қызығушылық танытуына байланысты Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов аймақ елдеріндегі HR процестерінің жетілуін бағалау үшін осындай зерттеу жүргізуді ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT