Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының мақсаты не

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте Агенттік төрағасы Анар Жайылғанова Мемлекет басшысы бекіткен мемлекеттік басқару тұжырымдамасының негізгі тармақтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 26 ​​ақпанда Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың адамдарға бағытталған моделін дамыту тұжырымдамасын мақұлдады. Мемлекеттік басқару халықтың үмітін ақтауы керек. Сонымен бірге, азаматтық белсенділіктің едәуір артуы қазақстандық қоғамның жетілгендігін және мемлекеттік басқару процесіне қатысу қажеттілігін көрсетеді. Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара қарым-қатынасын жақсартуға, мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызмет кадрларының сапасын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсетудің белсенді форматына ауысуға, нормативтік-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге, сонымен қатар сот және құқық қорғау жүйесін өзгертуге бағытталған», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «халық үніне құлақ асатын», кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидатына негізделген болады.

«Тұжырымдамаға сай келетін мемлекеттік басқаруға қол жеткізу үшін «тұлғаға бағдарланған» модель құрудан бастап, оңтайлы, клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қалыптастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, азаматтардың қажеттілігіне негізделген мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге көшу, кадрлар сапасын арттыру және мемлекеттік аппараттың кәсібиленуі қарастырылады. Кадрлар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппараттың кәсібилендірілуі, сот және құқық қорғау жүйесін қайта құру жоспарлануда», - дейді Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар