Мемлекеттік қана емес, жеке кәсіпорындар да қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі тиіс - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар, ұйымдар да қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі тиіс. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, барлық мекеме, ұйымдар мүмкіндігі болса, бүкіл жұмысшыларын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруы қажет. Кеше ел Президенті бүкіл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуі режіміне ауыстыру туралы тапсырма берді. Басқа мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар, ұйымдар да осы тәртіпке көшуі қажет. Бұл жұмыс тәртібі Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелетін болады», - деді министрі.

Оның атап өтуінше, мекеменің, ұйымның басшысы бұйрығын шығарады және жалақы төлеу тәртібі өзгермейді.

«Егер жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеу режіміне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқылы. Бұл жағдай Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші апта ішінде жұмыс күнін немесе бір күнгі жұмыс сағатын азайтуына болады. Бұл ретте жұмыс істеп жүрген азамат жалақыны сол жұмыс істеген сағатына байланысты алатын болады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, жұмысын мүлдем тоқтатқан мекемелер жұмысшыларына ең төменгі жалақыдан төмен емес айлық төлеуге міндетті.

Еліміздегі ең төмені жалақы көлемі - 42 500 теңге.


Соңғы жаңалықтар