+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Мемлекеттік қарыз бойынша қаражатты игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі - министр

2021 жылғы 21 сәуір 10:12
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік қарыз бойынша қаражатты игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Республикалық бюджетті нақтылау: Қай бағытқа қанша қаржы бөлінеді 2021 жылы республикалық бюджет кірістері 7 млрд теңгеден асады – ҚР ҰЭМ Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді қарайды

«Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру аясында қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады», - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген.

«Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді. Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжатта бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен енгізу ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT