Мемлекеттік кірістер комитетіне берілген өтінішке қатысты ақпаратты чат-боттан білуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануды ұсынып отыр.

«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады: өтініштің кіріс нөмірі мен күні; комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні; салық төлеушінің жүгінуі бойынша комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі)», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, ақпаратты алу үшін аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын; өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.

Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.


Соңғы жаңалықтар