Мемлекеттік қызмет агенттігі «iQyzmet» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік басқару саласында «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» деген ұғымдар енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде осылай деді.

«Мемлекеттік басқару саласында «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» деген ұғымдар енгізіледі. Кадрлық саясатта адам ресрустарын басқаруға басымдық беру үшін қағазбастылықтан арылып, цифрландырылған қызметке ауысу қажет болады. Осы үшін «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құруға күш салып жатырмыз. Бұл жүйе кадрмен байланысты операциялық үдерістерді автоматтандырып, оңтайлы ете түседі», - деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар