Мемлекеттік қызметке өтінімді онлайн жіберуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметке үміткерлер өтінімдерді интернет арқылы бере алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, үміткерлер интернет арқылы өтінім бере алатын «Мемлекеттік қызметке қабылдау» порталы үшін iqyzmet.gov.kz домендік атауы алынған.

«Мемлекеттік қызметке қабылдау» процесі пилоттық сынақтан өтіп жатыр. Жаңғыртылған процестерді іске асыру нәтижесінде бірқатар нәтижелер күтілуде: мемлекеттік органдардағы барлық кадрлық процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, мемлекеттік қызметшінің жұмысына қолайлы жағдай жасау, кадрлық іс жүргізу аясында қалыптасатын барлық құжаттарды электронды форматқа көшіру (немесе автоматтандыру есебінен кейбір құжаттарды құрудан бас тарту), қызметкерлерді басқару процесін бақылау», - деді А. Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.


Соңғы жаңалықтар