Мемлекеттік қызметшілер халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өз саласында тың бастамалар мен тиімді ұсыныстар енгізген мемлекеттік қызметшілерді көтермелеудің тетіктері пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне корпоративтік сектордың оң тәжірибелері де енгізілмек.

Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік қызметкерлерді жеке және квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдарда тағлымдамадан өткізу жоспарланып отыр. Ал өз жұмысында тың бастамалар көтеріп, жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша ұтымды ұсыныстар айтқан қызметшілерді көтермелеудің тетіктері пайда болмақ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл өзгерістердің бәрі «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында» қамтылған.

«Корпоративтік сектордың оң тәжірибесін табысты енгізу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуі жоспарлануда. Мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етілетін болады. Бастамалар мен рационализаторлық ұсыныстарды көтермелеу тетіктері енгізіледі. Бұл мемлекеттік қызметте корпоративтік мәдениетті жақсартуға мүмкіндік береді», - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар