+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Мемлекеттік қызметшілер үйден жұмыс істеуі үшін қандай шаралар атқарылды

2020 жылғы 23 наурыз 17:17
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік қызметшілер үйден жұмыс істеуі үшін қандай шаралар атқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызметшілердің үйден жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында онлайн оқыту жүйесі алынып тасталатын болды Ақмола облысында мемқызметке іріктеу процесін бақылау онлайн жүргізілді Мемлекеттік қана емес, жеке кәсіпорындар да қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі тиіс - министр

«ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «ҰАТ» АҚ, Мемлекеттік техникалық қызмет және байланыс операторларымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерді өздерінің жұмыс жүйелеріне, яғни электрондық пошта мен электронды құжат айналымына қашықтан қосу үшін тиісті техникалық шешімді іске асырды. Бұл мемлекеттік қызметшілерге үйде отырып,электронды құжат айналымы жүйесіне келіп түскен хат-хабармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - делінген аталған министрлік хабарламасында.

Атап айтқанда, бұл шара Қазақстан Президентінің елдегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы барлық қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды.

Белгілі болғандай, ЦДИАӨМ-нің 150-ден астам қызметкері қажетті ақпараттық жүйелерге, электронды пошта мен құжат айналымына қосылу арқылы қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік орган қызметкерлерін өз органдарының ақпараттық жүйесіне қашықтан қосу жұмыстары басталды.

«Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі. Дәл қазіргі уақытта Энергетика, Экология, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері ақпараттық жүйелерге қосылуда. Бұл жұмыстың нәтижесінде таяуда 30 000-нан астам мемлекеттік қызметші үйден жұмыс істеуге мүмкіндік алады», - делінген таратылған мәліметте.

Бұл мүмкіндікті ұсыну үшін байланыс операторлары қашықтан қосылу орындарында байланыс арналарының параметрлерін ескере отырып, қажетті инфрақұрылымды дайындады. Мемлекеттік қызметшілерді құжат айналымы жүйесіне қашықтықтан қосуды ұйымдастыру үшін электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі платформасынан бұлтты технологияларға көшу жүзеге асырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT