Мемлекеттік қызметшілерге жылына бір рет біліктілікті арттыру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге жылына бір рет біліктілікті арттыру курсынан өту міндетелуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын жақсартуды қамтамасыз ету өте маңызды. Үздіксіз өзін-өзі жетілдіру, оның ішінде жылына ең кемі бір рет біліктілікті арттыру – басты қағидат болуы тиіс», - деді А. Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алқа отырысында.

Оның айтуынша, қызметкерлерді басқару қызметтері мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін дамытуға мүдделі болуы тиіс.

«Кадр қызметтеріне академиямен бірлесіп, жеке даму жоспарларын қалыптастыру жұмыстарын дұрыс құру маңызды, бұл түптеп келгенде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге ықпал етуі тиіс. Осыған байланысты академия әрбір мемлекеттік қызметшінің мақсатты оқуын ескере отырып, біліктілікті арттыру жүйесін қайта қарауы қажет», - дейді Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар