Мемлекеттік қызметте артық жұмыс үшін үстемеақы төлеу процесі автоматтандырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова артық жұмыс үшін үстемеақы төлеу процесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Процесті автоматтандыру және негізсіз артық жұмыс істеуді болдырмау мақсатында агенттік Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Кіруді бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен біріктіріп жатыр. Бұл келешекте артық жұмыс істегендерді анықтауға және кадр қызметтерінің араласуынсыз үстемеақы төлеу немесе қосымша демалыс сағаттарын ұсыну туралы басқарушылық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді», - деді А. Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Бұған дейін агенттік басшысы мемлекеттік қызметке өтінімді интернет арқылы жіберуге болатынын айтқан еді. «Мемлекеттік қызметке қабылдау» порталы үшін iqyzmet.gov.kz домендік атауы алынған.


Соңғы жаңалықтар