+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Мемлекеттік орган ғимараттарында смартфонды пайдалануға рұқсат берілмек

2019 жылғы 7 қараша 13:54
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік орган ғимараттарында смартфонды пайдалануға рұқсат берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында мемлекеттік орган ғимараттарында мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан шығу себептері талданады Дариға Назарбаева мемлекеттік қызмет көрсету саласында тәртіп орнатуға шақырды Ақтөбеде кәсіпкерді ұрған мемлекеттік қызметшілердің бастығы жазаланды

«Мендегі ақпарат бойынша аталған қаулы Үкіметке енгізілген, жақын арада ол жайында жарияланатын болады. Барлық өкілетті органдарда келісуден өтті, осыдан кейін ол Үкімет отырысының қарауына шығарылады. Биылғы қараша айында тиісті шешім болады деп үміттенеміз. Бұл тұрғыда смартфондарды ешбір шектеусіз барлық мемлекеттік қызметшілерге қайтару мәселесі ескерілген», - деді вице-министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, кез келген мемлекеттік қызметшіде өз қызмет орнында алған ақпаратқа қатысты жауапкершілігі бар.

«Ақпаратты негізсіз таратқаны үшін қызметші заңнамаға сәйкес жауапты болады», - деді А. Оспанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT