Мемлекеттік сатып алуды бір көзден жүзеге асыру 20%-ға қысқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік сатып алуды бір көзден жүзеге асыруды азайту мақсатында жаңа талап енгізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу 69 пайыздан 39 пайызға қысқарды. Биыл 6 сатып алудың негіздемесін заңнамадан алып тастап, тағы 4 негіздемені алып тастау бойынша ұсыныс берілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, біздің пайымдауымызға сәйкес мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу көлемі 20 пайызға дейін қысқарады деп күтіп отырмыз», - деді Дәурен Кеңбейіл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерге қойылатын талап арта түспек.

«Егер тапсырыс беруші тек бір көзден сатып алған жағдайда арнайы веб-портал арқылы есеп береді. Ол жерде не үшін бір ғана көзден сатып алу себебін түсіндіреді және жауапты тұлғаның аты-жөні мен қолы қойылады. Осылайша тапсырыс беруші жауапкершілікті өз мойнына алады», - дейді ол.

Сондай-ақ, министр орынбасары квазимемлекеттік компанияларға да қатысты екенін мәлім етті.

«Квазимемлекеттік компаниялардың да мемлекеттік сатып алуды бір көзден жүзеге асыруын азайтуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Биыл 1 қаңтардан бастап квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуды бір көз арқылы қол жеткізуді 47 пайыздан 34 пайызға дейін азайды. Бір ғана «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының бір көзден сатып алуы 34 пайыздан 20 пайызға дейін қысқарды», - деді Д. Кеңбейіл.


Соңғы жаңалықтар