Мемлекеттік жоспарлау жүйесі: Ұлттық жобалар қалай бағаланады және келісіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов Мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында ұлттық жобалар қалай бағаланатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір жоба әзірлеу барысында Ұлттық экономика министрлігі тарапынан экономикалық негізділігіне, Қаржы министрлігі тарапынан қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі тарапынан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарғы құжаттарына сәйкестігіне бағаланады», - деді Қайрат Келімбетов Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысында.

Агенттік басшысының атап өтуінше, одан ары жоба Қазақстан Республикасы Үкіметмен келісілгеннен кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің қарауына және ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы кеңестің мақұлдауына әрі бекітуне енгізілетін болады. Ұлттық жоба жоғарыда аталған келісудің барлық кезеңінен өткеннен кейін Үкімет қаулысымен заңды түрде бекітіледі.

«Бұған қоса, жобалар ел Парламентінің депутаттық корпусымен де талқылануы тиіс. Бұл бюджеттік процестер аясындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қайрат Келімбетов.


Соңғы жаңалықтар