«Мен өз елімнің патриотымын»: Алматылық оқушылар эссе жазудан жарысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы орта мектептердің бірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында эссе жазудан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласындағы №129 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Жексембинаның айтуынша, оқушылар бұл байқауға қуана қатысты.

Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің патриоттық сезімдерін және өз еліне деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысты.

«Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы эссе жазу байқауына 5-10 сынып оқушылары қатысты. Балалар ең алдымен, өз Отанын, өзі туып өскен үйді сүю керектігі туралы жазды. Олар өз шығармаларында туған жерге, елге деген құрметті көрсете білді. Ата-бабамыздың ерлігін керемет суреттеп жазды. Тақырып – өзекті. Десек те, оқушылар үшін бұл қиынға соққан жоқ. Себебі, эссе жазуды олар бастауыш сыныптап бастап біледі. Одан бөлек, біздің мектепте патриотизм тақырыбындағы сынып сағаты жиі өткізіледі», - деді Алмагүл Жексембина.

Эссе жазу байқауына барлығы 45 оқушы қатысты, оның ішінде 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады. Қалған оқушыларға байқауға қатысқаны үшін арнайы сертификат беріледі.


Соңғы жаңалықтар