Мэнни Пакьяо ресми түрде бокстан кететінін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Филиппин президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған 42 жастағы сегіз салмақ санатында бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо өз жанкүйерлеріне бокстан кететінін ресми түрде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлемдегі ең керемет жанкүйерлер мен ең ұлы спортқа рахмет! Барлық әдемі естеліктер үшін рахмет. Бұл – мен қабылдаған ең қиын шешім. Өз армандарыңызға ұмтылыңыздар, тынбай жұмыс жасаңыздар және не болатынын бақылаңыздар. Қош бол, бокс», — делінген Пакьяоның «Твиттердегі» жарияланымында.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде, WBC титулы үшін болған айқаста Пакьяо күтпеген жерден кубалық боксшы Йорденис Угастан жеңіліп қалды. Угас пен Пакьяо арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы «ТИ-Мобайл Аренада» өтті. 42 жастағы Пакьяо үшін бұл кездесу 2019 жылдың шілдесінен бергі өткізген алғашқы айқасы еді. Ол кезде Пакьяо Кит Турманды ұпай саны бойынша жеңіп, одан жартылай орта салмақта WBA Super нұсқасы бойынша белбеуді тартып алған болатын.



Соңғы жаңалықтар