Мерекеге орай қосымша пойыздар қатынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелеріне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ екі бағытта қосымша электр пойыздарын жолға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, компания мәліметінше, «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағытында № 6803/6804 электр пойызы 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 7 қаңтарында, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытында № 7502/7501 электр пойызы 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсаны мен 2020 жылдың 4 қаңтарында, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытында № 7510/7509 электр пойызы 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтарында қатынайтын болады.

Сондай-ақ, «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтарда жолға шығады.

Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.

Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы алуларыңызға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Соңғы жаңалықтар