«Мейірімділік пен достық жолымен» керуені Жезқазғанда болды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – 11 мамыр күні «Мейірімділік пен достық жолымен» керуені Жезқазған қаласына келді. Қала тұрғындары үшін бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтар, дәрістер, экологиялық акциялар және спорттық жарыстар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғанда керуен екі күнге кідіреді – 11 және 12 мамыр. Бұған дейін ол Қорғалжын, Көкшетау, Бескөл, Степногорск, Риддер, Семей, Екібастұз қалаларында болған. Келесі бағыттар – Абай және Теміртау қалалары.

Ақпараттық-ағартушылық керуеннің жұмысын Ұлттық дельфий комитеті Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Жезқазған – сегізінші аялдама. Бағдарламада «Өнертапқыш әйелдер», «Қаз! Топырақ құпиялары» тақырыптық көрмелер қарастырылған. Сондай-ақ оқушыларды бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарына шақырамыз», – дейді ұйымдастырушылар.

12 мамырда жезқазғандықтар америкалық заманауи өнердің жылжымалы көрмесімен танысып, спорттық жарыстарға және ашық дәрістерге қатысты.

Жобаның басты идеясы – қазақстандықтарға Қазақстан мен АҚШ халықтарының мәдениеті қаншалықты бірегей екенін көрсету, біртұтас жалпыадамзаттық құндылықтарды паш ету.

«Біз мұны практикалық тұрғыда салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және басқа да мәдени құбылыстарды көрсету арқылы жасаймыз. Мысалы, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарында қатысушылар екі халықтың тұмарымен – ұйқы аулаушымен танысады. Шеберлердің көмегімен оларды өздері жасай алады. Үндістердің қаламы мен қазақ үкілерінің нышандары түрлі көркемдік техникада зерттелуде. Сонымен қатар ашық дәрісте жергілікті шығармашылық ұжымдармен бірлесіп халықтардың мәдени кодтары туралы концерт және басқа да іс-шаралар өткіземіз», - деді жоба жетекшісі, Ұлттық дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.


Соңғы жаңалықтар