Мейрам қарсаңында азық-түлік бағасы шарықтап кетпесін - Оңдасын Оразалин

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көтерме және бөлшек саудада баға өсуі мүмкін. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Берқалиеваға Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірге жоспар бойынша бағаны бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, жанар-жағармай бағасының қымбаттап кетпеуін қадағалау қажеттігі айтылды.

«Мейрамға қарсы баға шарықтамауы қамтамасыз етілсін, инфляцияны республикалық мәннен жоғары емес деңгейде ұстау қажет», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, аймақ басшысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешовке мейрам күндері қауіпсіздік шараларын күшейтуді, яғни, өрт қауіпсіздігі, тайғақ жолдарға құм, тұз себуді тапсырды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиевке жол-көлік қозғалыстарын реттеу, қоғамдық орындарда азаматтардың қатаң тәртіп сақтауын қадағалауы керектігін айтты.

«Ауа райының күрделі жағдайын ескере отырып, жолдағы автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі, жолдар мен тротуарларды қар мен мұздың жиналуынан уақытылы тазалап, қазандық және май құю станцияларын отын қорымен қамтамасыз етуді бақылауда ұстаңыздар» , - деді өңір басшысы.



Соңғы жаңалықтар