+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Министр Алакөлді ластау оқиғасы турасында:  Қонақ үйді сотқа бердік

2019 жылғы 16 қазан 13:51
Бөлісіңіз:
Министр Алакөлді ластау оқиғасы турасында:  Қонақ үйді сотқа бердік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алакөлге лай су ағызу оқиғасы бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған 16 қарашада түнде елордада жағымсыз метерологиялық жағдай күтіледі Су – тауар емес, өмірлік ресурс екенін түсінетін уақыт келді – Ерлік Қаражан

«Бұл оқиғаға қатысты іс сотқа жолданған. Біз қызметін тоқтата тұру ұсынысымен оларды сотқа бердік. Себебі аталған кәсіпорында тиісті экологиялық рұқсат болмаған. Осы шаралардың барлығы Әкімшілік кодекспен реттеледі. Сонымен қатар, бұған дейін салынатын айыппұл сомасы тым аз деген уәж айтылған болатын. Енді қызметін тоқтата тұру бойынша сотқа бергенімізді атап өткім келеді», - деді М. Мырзағалиев Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Алакөлге құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразылығын тудырды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл жағдайға кінәлілер жазаланатынын айтты.

Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 мың теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, көлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT