Министр Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімін нақтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы бір айдың ішінде жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімі туралы сұралды.

«Pfizer вакцинасына қатысты күрделі логистика болғандықтан, қалалар бойынша бірнеше нүктелі орындар айқындалады. Осы орайда нақты мекежайларды, байланыс нөмірлерін хабарлаймыз. Нақты қандай вакциналау пунктері болатынын жариялаймыз», - деді А. Цой.

Сонымен қатар ол аталған екпені жеткізу мерзімін айтты.

«Бір айда жеткізіледі, яғни төртінші тоқсанға жоспарланған. Тоңазытқыштар жақын арада болады. Менің ойымша, қазан-қараша айларында жеткізіледі», - деді министр.

Еске сала кетейік, Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін Қазақстанға 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойылды.


Соңғы жаңалықтар