Министр Ресейдің қантты шектеуі туралы: Бізге соңғы сәтте ғана айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов неге шет мемлекеттермен қант саудасы бойынша аяқ астынан мәмілерлер жасауға мәжбүр болып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қант экспортына шектеу қою туралы шешімін тым кеш естігенін айтты.

«Қантты зауыттар өндіреді. Олар қажетті шикізатты өз бетімен сатып алады. Ал ол нарық коньюктурасына байланысты. Қазір нарық былай қалыптасып отыр. Біз импортпен келетін қанттың шамамен 70 пайызын іргедегі Ресейден алып келдік. Өйткені ол Бразилиядан қант тасығанға қарағанда әлдеқайда арзанға түсетін. Қант экспорты шектелетіні туралы сңоғы сәтте хабарлады. Сондықтан логистиканыөзгертіп жатырмыз. Яғни, бұл жерде ешқандай қате есеп болған жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев вице-премьер Роман Склярға жолдаған депуаттық сауалында қант тапшылығын шешудің жолдарын ұсынған еді.


Соңғы жаңалықтар