Министрлік ауылдары ауызсуға жарымай отырған өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі үш өңірдің қала халқы 100 пайыз аузысумен қамтылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1% құрады, оның ішінде ауылдарда – 90,1%, қалаларда – 97,5%. Бұл, 17,7 миллионнан астам адам деген сөз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол аймақтардың халықты ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіштеріне тоқталды.

«Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған. Ауызсуға ең төмен қолжетімділік Жамбыл облысында байқалуда – 88,9%.

Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауға ең жоғары қолжетімділік Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстарында тіркелді.

Ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауға ең төменгі қолжетімділік Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,2%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында байқалуда», - деді комитет өкілі.


Соңғы жаңалықтар