Министрлік Бас мемлекеттік санитар дәрігер неліктен ауысқанын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері неге ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қадам Бас санитар дәрігерінің мәртебесін көтеру мақсатында жасалғанын атап өткен жөн. Өздеріңіз білесіздер, енді Бас санитар дәрігер вице-министр лауазымын да қоса атқарады. Осы шаралар бұл салаға ерекше назар аударуға және Қазақстанда санитарлар мен эпидемиологтардың жұмысын жақсартуға ықпал етеді», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы аптада ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері лауазымына тағайындалды.

Бүған дейін аталған Бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған еді.


Соңғы жаңалықтар