Минскіде есірткі таратқан 37 адамға үкім шықты

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Минск қалалық соты есірткі таратуға қатысты ауқымды іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Іс бойынша 37 адам сотталған. Оларға бүкіл елге ірі мөлшерде есірткі таратты деген айып тағылған.

«Беларусь 1»телеарнасының хабарлауынша, іс фигуранттарының көпшілігі ұйымдасқан топтардың құрамында болған, негізінен интернет арқылы қылмыс жасаған.

Тергеп-тексеру кезінде 7 килограмнан астам есірткі зат тәркіленген.

Қылмыстық топ құрамындағылардың әрқайсысы өз міндетін атқарған: бірі есірткіні дайындап беріп отырса, енді біреулері курьер болған.

Істің аяғында сотталушыларға қылмысына қарай әртүрлі деңгейде жаза белгіленді. Ең ауыр жаза тағайындалған қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екі адам қамаудан босатылды.

Соңғы жаңалықтар