Молдова Еуроодаққа кіруге кандидат мәртебесін алуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Молдава Республикасы 24 маусымда Еуропалық одақтан Кишиневтің Еуроодаққа кіруге кандидат мәртебесін алу туралы өтінішіне ресми жауап алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Noi.md-ке сілтеме жасап.

Вице-премьер Нику Попеску Молдова Республикасы толтырған сауалнамаларды зерттегеннен кейін Еуро Одағы елді демократияландыру және жаңғырту мәселелері бойынша ұсыныстар беретінін хабарлады. Вице-премьер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және сот жүйесін реформалауда үлкен олқылықтар бар екенін мойындады. Бірақ ол аталған Одақ ұйымға кірудің нақты перспективасын ұсынатынына үміт артатынын айтты 17 маусымда Еуропалық комиссия Молдова Республикасымен қарым-қатынастың қалай дамитыны туралы өз ұсыныстары мен көзқарастарын жариялайды. ЕО-ға мүше елдер бұл ұсыныстарды бірнеше күн ішінде талқылайды.

24 маусымда олар бүкіл Еуропалық Одақ атынан ұсыныс жасайды.


Соңғы жаңалықтар