МСҚ: Қарағанды облысында туберкулезден емдеуге 720 млн теңгеге жуық қаражат бағытталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өңірде туберкулез диагнозымен 738 адам тіркеліп, ем алуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау, диспансерлік бақылау және емдеу бойынша іс-шаралары үшін Медициналық сақтандыру қоры туберкулезге қарсы қызметке 719,7 млн теңге төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар бұл қаражат ересектер мен балаларды аурудан кейін медициналық оңалтуға және жасырын туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуге жұмсалды.

Туберкулез әлеуметтік маңызы бар аурулар санына жатады. Оның диагностикасы, алдын алу, емдеу, сондай-ақ есепте тұрған пациенттерді оңалту тегін

медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Яғни, бұл қызметтер туберкулезге күдікті және расталған диагнозы бар пациенттерге медициналық

сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі.

«Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек және дәрі –дәрмекпен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі, аурудың жұқпалы түрінде-міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. Дер кезінде анықталған және емделген жағдайда сырқатты толық емдеуге болады, сондықтан ауруды үдетпей, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту, емдеуші дәрігердің нұсқамаларын қатаң сақтау және

өз денсаулығын сақтау маңызды», – деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалында.


Соңғы жаңалықтар