Мұғалімдер жұмысқа цифрлық алаң арқылы қабылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 1200 педагог асистент білім сапасын арттыруға үлес қосып жүр. Бұл жаңашылдық туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазбада министр педагогтерді жұмысқа қабылдау директорлардың жеке дара қалауы бойынша іске аспайтынын еске салды.

«Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі», - дейді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, 2021 жылы педагогтерден басы артық есептер сұратып, мұғалімді кәсіби міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартқан жүздеген басшы мен лауазымды тұлға жазаланған.

«Өткен жылы алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистент қызметі енгізілді. Бүгінде еліміздегі мектептерде осындай 1200 мұғалім жұмыс істейді. Бұл – инклюзивті білім беруді дамыту бойынша маңызды шара. Сондай-ақ 2021 жылы республика бойынша 50-ге жуық инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер саны 12 бірлікке өсті, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 13-ге өсті. Аутизм орталықтары номенклатураға енгізілді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар