+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Мұғалімдердің жазғы демалыс ұзақтығы өзгеріссіз қалды – БҒМ

2021 жылғы 4 мамыр 17:05
Бөлісіңіз:
Мұғалімдердің жазғы демалыс ұзақтығы өзгеріссіз қалды – БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тиісті бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді.

«Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды. Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT