Мұғалімге балағат сөздер айтқан оқушыға хаттама толтырылды – министрлік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте болған оқиғаға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғалімге балағат сөздер айтып, қатты дауыспен сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазды.

Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

ҚР БҒМ кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын еске салады.

«Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.

Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды», - делінген ҚР БҒМ баспаөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар