+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акция жалған – министрлік

2021 жылғы 22 маусым 19:54
Бөлісіңіз:
Мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акция жалған – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпарат жалған екені анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан 23 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясы өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Министрлік мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қандай да бір акциялар өткізу жоспарланбағанын хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады», - делінген ведомство мәліметінде.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тұрақты негізде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 455 млрд теңге бөлінді, ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 486 млрд теңге көзделген.

Алушыларға ыңғайлы болуы, оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды (aleumet.egov.kz). Қаңтар айынан бастап порталға оңалтудың техникалық құралдарының барлық 55 түрі көшірілді.

Мүгедектігі бар балаларды оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шағын сипаттағы оңалту орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Биыл 12 орталық ашылады, оның 6-ауы жұмыс істеп тұр (Павлодар облысы, қамту ауқымы – 150 бала; Қызылорда облысы – 150; БҚО – 100; Ақтөбе облысы – 350; Ақмола облысы – 100; Нұр-Сұлтан қаласы – 150).

«Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақсатында Еңбекмині мүгедектікті сырттай белгілеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. 1 шілдеден бастап жоба 6 өңірде: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында іске қосылады. Жобаны іске асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанциялар бойынша жүруін және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметті одан әрі жаңғырту жөніндегі ұлттық жоспар әзірленді және жақын арада қабылданатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT