Мұхтар Тайжан бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын талқылауға қанағаттанушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінде палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен және өңір өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Қоғам қайраткері және жұмыс тобының мүшесі Мұхтар Тайжан талқылауға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талқылау форматына қанағаттанушылық білдіремін. Мәжіліс спикері талқылауды жүргізіп, оған барлық өңір қатысты. Бұл жақсы формат. Мен митинг кезінде журналистер үшін ешқандай шектеу жасау керектігін ұсындым. Өйткені, БАҚ туралы арнайы заң бар. Бұл митинг кезінде журнлаистер үшін қандай да бір міндеттемені жүктеу үшін жеткілікті. Журналистер үшін арнайы аймақ енгізу ұсынылды. Меніңше, оның еш қажеті жоқ. Журналистердің кіммен сөйлескісі келсе, сонымен сөйлесуге мүмкіндігі болуы тиіс. Екіншіден, митинг туралы ескерту мерзімін 15 күннен 10 күнге дейін қысқарту қажет. Ал пикет үшін ескертуді мүлдем алып тастау керек», - деді Мұхтар Тайжан.

Оның атап өтуінше, бейбіт жиналыстар үшін мамандандырылған орын енгізуге қатысты қызу пікірталас болды.

«Меніңше, митинг өткізуге болмайтын жерлерді айқындау қажет. Мәселен, олар: көпірлер, қару-жарақ қоймасы, әскери база немесе бөгет. Бұл жерлерде технологиялық қауіпке байланысты өткізуге болмайды. Қалған барлық бұқаралық жерлер митинг өткізу үшін ашық болуы тиіс. Әділет министрлігі Марат Бекетаев өте жақсы мысал келтірді. АҚШ-та Капитолия мен Ақ үй төңірегі жасыл және қызыл аймаққа бөлінген. Ереуілшілер немесе шерушілер аталған ғимараттардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеулері тиіс екендігі түсінікті. Бірақ, ол жаққа жасыл аймақ бар. Ол жерде ереуілге шығуға жиналуға болады. Олар Free speech zone деп аталады. Меніңше, бұл жақсы тәжірибе және біз оны оны алуымыз керек. Егер Парламент маңынан қандай да бір аймақ белгілеп, ешкімге бөгет жасамай жинала алатын болсақ неге жасамасқа»,- деді спикер.

Мұхтар Тайжан журналистер назарын заң жобасын талқылауға арналған жиынның 2 сағаттан астамға созылғанына да аударды.

«Өздеріңізде көріп отырғандай 2,5 сағат бойы талқылап жатырмыз. Жиынды Мәжіліс төрағасы жүргізіп, жұмыс топтарының басшылары, комитет төрағалары, министрлер, министр орынбасарлары, ҚР Бас прокурорының орынбасары қатысуда. Әрине, олар біздің пікірімізді естіді. Өңірлер де қатысып, өте жақсы ұсыныстар беді. Біз бұл заң жобасының әрбір бабын тыңғылықты қарап шығамыз деп ойлаймын. Мен жұмыс тобына Ерлан Қалиев, Маржан Аспандиярова, Ерлан Нұрпейісов сынды белсенділерді қосуды ұсындым. Олар әртүрлі қалада тұрады. Олар әрбір отырысқа қатыса алмаған күннің өзінде мен олардың пікірлерін жария етіп отыратын боламын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар