Мұхтар Тілеуберді Испанияға сапарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Испанияға сапармен барады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрі 15-16 желтоқсан күндері Мадрид қаласында «Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің «Азия мен Еуропа – тиімді көпжақтылық үшін бірге» тақырыбына арналған 14-ші кеңесіне қатысады. Іс-шараға Азия мен Еуропаның, сондай-ақ Еуропалық одақ пен АСЕАН-ның 51 елінің сыртқы саяси ведомство басшыларының қатысуы жоспарланған«, - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, форум барысында халықаралық күн тәртіптегі ең өзекті мәселелер, соның ішінде Азия мен Еуропа елдері арасындағы өзара байланысты нығайту, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, ядролық қаруды таратпау, киберқауіпсіздік, Сириядағы, Ауғанстандағы жағдайлар және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

»Қазақстан СІМ басшысының Сыртқы істер министрлері кеңесі алаңында «Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесуі жоспарланған«, - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар