Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Швециямен қандай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы Анн Линденің кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы талқыланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездсеуді қортындылаған баспасөз мәслихатында Мұхтар Тілеуберді осындай мәлімет айтты.

«Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық нысандарына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заңның үстемдігі, гендерлік теңгерімді ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қала береді.

Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы дәйекті демократиялық реформалары атап өтілді», - деді Қазақстан өкілі.

Министр кездесуде Қазақстан-швед ынтымақтастығының өзекті мәселелері де кеңінен қаралғанын айтады.

«Саяси ынтымақтастықты нығайту жолдары туралы пікір алмасып, СІМ аралық консультациялар сияқты ынтымақтастықтың маңызды механизмінің тиімділігін қанағаттанушылықпен атап өттік.

Өткен жылдың қараша айында Швеция мен Орталық Азия парламенттері арасындағы достық қауымдастығының құрылғанын, оның қызметі Швеция парламенттері мен халықтары арасындағы және өңіріміздегі тығыз әрі тұрақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың іргетасы болып табылатынына ерекше назар аударылды», - деді ведомство басшысы.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз кезінде ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың әлеуеті, екі елдің университеттері арасындағы байланыстардың нығаюы да сөз болған.

«Қазақстан-швед сауда-экономикалық ынтымақтастығына жоғары баға берілді. Денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тұрақты даму және энергетика саласындағы ынтымақтастыққа өзара қызығушылық білдіріп, Қазақстан Швециямен машина жасау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін растадық. Су ресурстарын тиімді пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша швед технологиялары да бізді қызықтырады.

Жалпы, аталған келіссөздер тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілік танытып, елдеріміз арасындағы саяси диалогтың қазіргі деңгейі екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызатынына сенімдіміз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар