Мұхтар Тілеуберді: Нормативтік актілерді дебаттар арқылы талқылау тәжірибесі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында норма шығаруды жетілдіру мәселелеріне енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары өз сөзінде жаңғыртылатын энергия секторының тартымдылығын арттыру үшін 2020 жылы заңға түзетулер енгізілгенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуға 20 жылдық келісімшарт жасалады», - деді министр.

Сонымен бірге, ол норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша тиісті заңға қол қойылғанын еске салды.

«Нормативтік-құқықтық актілерді жария түрде қарау және талқылау мерзімдерін ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша тиісті заңға қол қойылды. Жаңа тәртіп бойынша, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде «Ашық НҚА» порталынан басқа талқылаудың тағы екі тәсілі қарастырылған – Жария тыңдаулар мен дебаттар 15 жұмыс күнінен бастап және одан көп уақыт жұмыс істейді. Бұл тәсіл азаматтарға реттелетін сала бойынша өз көзқарастарын білдіруге және талқыланатын мәселе бойынша екі тарап арасында алмасу жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Соңғы жаңалықтар