Мұхтар Тілеуберді: Пандемияға қарамастан Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы қазақстандықтардың күнделікті өміріне үлкен әсер етті. Жаһандық құбылыс ретінде оның халықаралық қатынастар саласына ықпалын тигізбеуі мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің барша әлем үшін күрделі болған 2020 жылдағы дипломаттардың жұмысы туралы сұхбаты бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сұхбаттың қазақ тіліндегі нұсқасын оқырман назарына ұсынады.

Мұхтар Бескенұлы, 2020 жыл Қазақстан мен барша әлемнің жаңа тарихында мейлінше ерекше болғаны рас. Сыртқы істер министрлігі қазіргі жағдайда қалай жұмыс істеді және Ковид-19 пандемиясымен, оның әлеуметтік және экономикалық салдарымен күреске қандай үлес қосты?

– Сізбен келісемін. 2020 жыл барлық мемлекет үшін қиын жыл болды. Пандемия тудырған дағдарыс адам өмірінің бар саласына әсер етіп, медицинаның қазіргі даму деңгейіне қарамастан мемлекеттердің бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін және адамзаттың әлсіздігін көрсетті.

Коронавирус Сыртқы істер министрлігінің жұмысына да өзгерістер енгізді: шет елдерде қалып қойған азаматтарымызға карантиндер жағдайында көмек көрсетуге, дағдарыс жағдайында сыртқы саясатты жүзеге асыру тетіктерін бейімдеуге және халықаралық іс-шараларды онлайн режимде өткізуге басым назар аударылды.

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріміздің мүмкіндігін пайдалана отырып біз ел үшін маңызды мәселеде үйлестіруші рөлді қамтамасыз етуге бар күшімізді салдық. Сыртқы істер министрлігі жанындағы шетелдегі Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жөніндегі жедел штаб және біздің шетелдегі өкілдіктер 33 мыңнан астам азаматымыздың елге оралуына және оларды қайтару бойынша 385 рейс ұйымдастыруға, денсаулық сақтау министрлігімен бірге елге денсаулығына байланысты Қазақстанның 28 азаматын елге қайтаруға айтарлықтай көмек көрсетті.

СІМ сондай-ақ шетел азаматтарының біздің ел аумағында заңды болуын немесе олардың отанына оралуларына да ат салысты. 2020 жылы азаматтардың нақты қажеттілігіне бағытталған қолданбалы, бағыт-бағдарлы дипломатия алдыңғы қатарға шықты, бұл әлбетте «естуші мемлекет» саясатының заңды жалғасы болды.

Өткен жылы әлем елдері арасында жарияланған достық қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған сынақтан өтті. Пандемия мұндай жағдайды жалғыз еңсеріп өтудің мүмкін еместігін көрсетті. Кім бізге көмек қолын созды және біз кімдерге көмектестік?

– Пандемия жаңа жағдай тудырғаны рас. Есте болса, ең басында мемлекеттер біраз есеңгіреп, өз аумағында індеттің таралуын болдырмау үшін қандай амал-шарғы қолданарларын білмей дағдарып қалды.

Әлбетте, шекараларды жауып, қатаң карантин режимін енгізу көп мемлекеттің қалыпты шешімі болса да, вирустың ел аумағына енуіне бұл тосқауыл бола алмады. Содан кейін ғана бәрі туындаған проблемаларды шешудің жалғыз жолы күш біріктіріп, өзара көмек көрсету екенін түсінді.

Пандемия жағдайында мемлекеттер арасындағы ынтымақ, әріптестік және өзара көмек туралы тезистің нақты мағынасы ашылып, мазмұны толықты.

Көптеген елдер қиын жағдайға тап болды, сол сәтте көрсетілген гуманитарлық көмек олар үшін үлкен демеу болып, алғашқы «соққыдан» аман-есен шығуға, тыныс алып, бұл зұлым күшке қарсы күресуге қажетті қор жинауға ықпал етті.

Осы үрдістен Қазақстан да шет қалмады. Қиын сәтте СІМ-нің басым бағыттарының бірі дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын қоса алғанда шетелдік гуманитарлық көмекті бағыттау және тарту болды.

Біздің мемлекет алғашқылардың бірі болып Уханьға медициналық- гуманитарлық көмек жіберді. Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мажарстан және Италияға азық-түлік пен медициналық көмек көрсетті.

Біз өз кезегінде пандемиямен күресу үшін Еуропадан, Солтүстік Америкадан, Азиядан, Аустралиядан, Таяу Шығыстан және ТМД елдерінен гуманитарлық көмек қабылдадық. Ковид-19-бен күресте қазақстандық дәрігерлерге нақты көмек көрсеткен Ресей мен Қытайдан дәрігерлер тобының келгенін атап өткім келеді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық шетелдік серіктестерімізге пандемияға қарсы жалпы күресте қазақстандықтарға көрсеткен маңызды халықаралық ынымақтастық үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Әлемдік локдаун жалпы халықаралық қызметке, оның ішінде Қазақстанның сыртқы саясатына әсер етті ме? Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа сыртқы саяси Тұжырымдамасын жүзеге асырудың келешегі қандай?

– Әлемдік локдаун мен карантин шаралары дипломаттардың жұмысына белгілі бір қиындықтар әкелді. Бірқатар халықаралық іс-шаралар эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырылды, бірақ олардың көбі цифрлық форматқа көшті. «Цифрлық байланыс» белсенді дамып, біздің еліміздің мүддесін ілгерілету бойынша жұмыстардың жалғасуына жол ашты.

Десе де Қазақстанның сыртқы саясаты өзгеріссіз қалды: біз халықаралық аренада ұлттық мүддемізді берік алға жылжытып, қорғауға басым назар аудара отырып, сындарлы, теңдестірілген және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастырамыз.

Шындығында, 2020 жыл біз үшін өте маңызды болды, өйткені Президент Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси Тұжырымдамасын бекітті. Алғаш рет сыртқы саяси жоспарлау көкжиегі үнемі өзгеріп отыратын сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, 10 жылға дейін ұлғайды.

Құжат ашық сипатқа ие және аймақтық әрі халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесін одан әрі интеграциялау арқылы әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің тұрақты позициясы мен оң кейіпін қалыптастыруға бағытталған.

Оны жүзеге асыру аясында мемлекеттік тәуелсіздіктің сыртқы саяси негіздерін нығайту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, достық және тең қатынастарды дамыту, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жағдайлар мен алғышарттар құру, сондай-ақ азаматтарымыздың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету көзделуде.

Тұтастай алғанда Тұжырымдаманы іске асыру елге, отандық бизнеске және әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі.

2020 жылы бүкіл әлем бойынша қозғалыс шектеліп, көптеген іс-шаралар тоқтатылып не кейінге қалдырылды. Халықаралық қоғамдастыққа жаңа жағдайға бейімделуге тура келді. Тіпті БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясы виртуалды форматта өтті. Мұндай онлайн-платформалардың тиімділігін қалай бағалайсыз?

– Пандемия кезінде халықаралық қатынастар «күту режиміне» ауысып, дәстүрлі дипломатия күн тәртібін шектеді деу қате түсінік. Дағдарыс халықаралық қатынастардағы «тар кеңістіктерді» анықтап, күн тәртібіне ең өзекті проблемаларды қойды.

Дипломатиялық қызмет, жоғарыда айтқанымдай, жаңа сандық форматты қабылдай отырып жалғасты. Менің ойымша, онлайн кездесулер мейлінше тиімді жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Десе де, олар келіссөздердің қалыпты форматын алмастырады дей алмаймыз, жақын арада оған қайта ораламыз деген үміттеміз. Осыған қарамастан, Қазақстан өзінің мүдделерін халықаралық платформаларда тиімді ілгерілетуді жалғастырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 сессиясының жұмысына қатысу барысында көтерген бастамалары халықаралық қоғамдастықта жағымды бағаға ие болды.

Аталған бастамаларды қысқаша атап өтсем: халықаралық денсаулық сақтау-санитарлық ережелерді қайта қарау, БҰҰ мен Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігінің қолдауымен ауруларды бақылау және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі аймақтық Орталықтар желісін құру.

Желтоқсандағы климаттық амбициялар Саммитінде Мемлекет басшысы біздің еліміздің экономиканы 2060 жылға дейін декарбонизациялау жөніндегі жаңа маңызды міндетін атап өтті.

2020 жылдың қыркүйегінде біздің ел Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын алып тастауға бағытталған екінші Факультативтік хаттамасына қосылды. Мемлекет басшысының оны ратификациялау туралы Заңға қол қоюы Қазақстанның жалпыадамзаттық құндылықтар мен демократиялық нормаларды ұстанатынын растады.

Мен әсіресе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау үшін күрестегі беделі мен рөлін атап өткім келеді. Оған Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының «Ядролық сынақтардан азам әлем үшін чемпион» мәртебесін беруі осының дәлелі.

Жыл соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы халықты сауықтыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және Семей аймағының экономикалық дамуы мақсатында халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру туралы Қазақстанның бастамасымен қарар қабылдады. Құжат халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның ядролық сынақтардың адамдардың өміріне және денсаулығына, әсіресе балалар мен өзге де осал топтардың өміріне ұзақ әсер ететіне алаңдағанын мойындағанына айқын дәлел.

Елбасының тағы бір сыртқы саяси бастамасын жүзеге асыру аясында Қазақстан 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етуді қабылдады. Қазір алдымызда осы диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру міндеті тұр.

Бізге жақын халықтар яғни көршілеріміз туралы айтқанда елдеріміз арасындағы толық өзара түсіністік туралы да сөз қозғаймыз. Биылғы жыл еуразиялық кеңістік үшін қиынға соққаны белгілі, айналамыздағы аймақтарда елеулі толқыныстарды көрдік. Соңғы бір жыл ішінде біздің Орталық Азия, ТМД елдерімен және түркітілдес әлеммен ынтымақтастығымыз қалай дамыды?

– Орталық Азия – Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық маңызды бағыт. Бүгінгі күні елдеріміз арасында түрлі деңгейлерде қарқынды саяси диалог құрылып, тұрақты экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар орнықты.

Пандемияға байланысты, елдеріміз арасында өз Отанына оралған азаматтарға транзиттік дәліздер беру, сондай-ақ жүк тасымалдаушыларға кедергісіз транзит беру бойынша жедел өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

2020 жылы Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ, Жапония, Үндістан және Корея Республикасы сияқты серіктестерімізбен «Орталық Азия +» көпжақты форматтары арқылы саяси және дипломатиялық өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы сақталды.

Бұл тетіктер аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға, жалпы басымдықтар негізінде бірлескен жұмыс үшін басты тәсілдерді дайындауға және ынтымақтастықты тереңдету туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ортақ тарих, туыстас тілдер және мәдениеттер біріктіретін түркітілдес елдермен қатынастарды дамытуға үлкен мән береді.

Өткен жыл әлемнің барлық елі үшін сынақ болды және осы жағдайда түркітілдес елдер коронавирус пандемиясына қарсы күресте күш біріктіруге дайын екендіктерін көрсетіп, 2020 жылы сәуірде Ковид-19-ға қарсы Түркі кеңесінің кезектен тыс саммитін өткізді.

Мемлекет басшылары пандемиямен күресу, денсаулық сақтау және басқа салалардағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық дағдарысқа қарамастан, аймақтық интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл қарқынды дамыды. ЕАЭО-дағы ең маңызды оқиға «2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын» қабылдау болды, ТМД аясында мүше мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі құжаты – Достастықты одан әрі дамыту Тұжырымдамасының жаңартылған нұсқасы қабылданды.

Десе де өткен жылы көршілеріміздің және ТМД бойынша серіктестеріміздің басынан өткен оқиғалары алаңдатпай қоймайды. Бұл әлем турбуленттік дәуірге аяқ басқанын тағы да растайды. Қазақстан достарымыз аталған жадайлардан шығудың лайықты шешімін табатынан сенеді және бұл мәселелерді шешуге барынша көмек қолын созуға дайын.

Қазақстанның сыртқы саясатында Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері сияқты ықпалды әрі ірі мемлекеттер маңызды рөл атқарады. Аталған елдермен қазіргі өзара байланысты қалай сипаттайсыз?

– Бүгінде көпвекторлықты кеңейтіп, достық қарым-қатынасты нығайтуға негізделген Қазақстанның сыртқы саясаты біздің салиқалы және сенімді серіктес екенімізді айқындайды.

Қазақстан мен Ресейді дәстүрлі түрде ортақ көпғасырлық тарих пен достық әрі тату көршіліктің берік негіздері байланыстырады, бұл өз кезегінде екіжақты қатынастардың кең ауқымында жемісті өзара іс-қимылдың сенімді негізі. Өзара түсіністік пен құрметтің қол жеткен деңгейі Қазақстан – Ресей ынтымақтастығын дәйекті нығайту үшін берік түп-тамыр болды. Біз жай ғана көрші емеспіз, біз стратегиялық серіктес және одақтаспыз.

2020 жылы 24 маусымда Президент Қ.Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда өткен Жеңіс Парадына қатысты. Жыл ішінде екі ел президенттері 7 рет телефон арқылы сөйлесті.

Ковид-19 вирусының таралуымен күрес бойынша іс-қимылдарды үйлестіру аясында айтарлықтай жұмыс істелді. 22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісі басталды, ал 2021 жылдың басында ерікті вакцинацияны жаппай іске қосу жоспарланып отыр.

Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Қытаймен ынтымақтастықты тереңдету. 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президентінің Қытайға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары кезінде ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемеге қол қойды, онда екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту туралы келісім бекітілді.

Бұл құжат саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайды. Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» және қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасының түйісуі аясында қарқынды ынтымақтастыққа негіз салынды.

Қыркүйек айында Мемлекеттік кеңестің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Идің Қазақстанға жұмыс сапары өтіп, сапар аясында біз Ковид-19 пандемиясы жағдайында екіжақты қатынастарды арттыру жайын талқыладық.

Кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткен Қазақстан мен АҚШ-тың қатынасы қарқынды дамып келеді. Екі мемлекет өзара сауда мен инвестициядан бастап мәдениет пен білімге дейінгі түрлі салаларда сенім мен ынтымақтастық негізінде іс-қимыл жасап келеді.

Мемлекеттік хатшы М. Помпеоның 2020 жылдың ақпан айында біздің елге жасаған ресми сапары нәтижесінде саяси диалогты жалғастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. АҚШ экономикамыз үшін жетекші инвесторлардың бірі болып қала береді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға аталған елден 50 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.

Қазақстан Еуропалық одақпен өзара әрекеттесуді толығымен қолдайды және оны еліміздің әрі тұтастай алғанда аймақтың дамуына ықпал ететін маңызды құрал деп санайды.

Біз үшін еуропалық бағыттағы маңызды оқиға – Мемлекет басшысының ақпан айында Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысуы және 1 наурызда ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі болды, бұл халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, инфрақұрылымның, инновацияның, мәдениет, спорт, туризмнің дамуы сынды мәселелерді есепке алғанда 29 өзара әрекеттесу салаларын қамтиды.

Қазақстанның халықаралық беделінің тағы бір маңызды танылуы – отандық дипломат Қ. Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері бойынша Жоғары комиссары болып тағайындалуы болды.

Әлемдік экономика қиын кезеңдерді бастан кешіруде, көп салада құлдырау байқалады. Коронавирусқа дейінгі кезеңде көптеген елдер шетелдік инвестициялар үшін белсенді күресті. Қазір шетелден инвестиция тарту бойынша жағдайымыз қалай болып жатыр?

– Соңғы бес жылда Қазақстан жыл сайын орта есеппен 20 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартты. Қазір біз бүкіл әлем бойынша инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай төмендеуін байқап отырмыз. Әлемдегі 5 000 ірі компанияларда күтілетін пайда орташа есеппен 40% төмендейді, бұл өз кезегінде қайта инвестицияланған кірістер көлемін азайтады. Сонда да атап өту керек, 2020 жылғы «мінсіз дауылға» дейін ТШИ ағындарының әлем бойынша таралуында соңғы жылдары белгілі тоқырау болғаны да рас.

Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясының (ЮНКТАД) болжамдары бойынша 2020-2021 жж. жаһандық ТШИ ағындары үшін дәл сондай құлдырау күтілуде. Ұқсас үрдіс Қазақстанды да айналып өтпейді. Белгілі бір себептерге байланысты экономикамызға ТШИ ағынының төмендеуі байқалды. Сондай-ақ, 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында олардың жалпы ағыны 32,2%-ға төмендеп, 12,6 млрд долларды құрады, бір жыл бұрын ол 18,6 млрд долларға тең болды.

Біз құлдырау, ең алдымен, экономиканың кен игеруші секторда тіркелгенін көреміз, бірақ өңдеу өнеркәсібі біршама «табандылық» танытты. Ал аграрлық-өнеркәсіптік кешенде ТШИ тартудың тіпті айтарлықтай өсімі байқалады, бұл әлемде азық-түлік қауіпсіздігі факторының маңызы артуымен байланысты болуы мүмкін.

Дүниежүзі бойынша жүргізілген карантин шаралары, өндірісті тоқтату және елдердің жабылуына қарамастан, Қазақстан Үкіметі жаңа ТШИ тарту бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Біз бұған дейін басталып қойған жобалардың «қатып қалуына» жол бермеу мәселесін шешіп алдық. Нәтижесінде, 2020 жылы жалпы құны 1,3 млрд доллар құрайтын 25 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, 3800-ден астам жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде Алматыда оңтүстіккореялық Hyundai компаниясының көліктерін шығару, Қарағанды облысында немістің Linde Group компаниясының техникалық газын өндіру және Алматы облысында БАӘ-нің Ancil Fund компаниясының құрама жемдерін шығару сияқты маңызды жобалар бар.

Пандемияның негізгі салдарын жойғаннан кейін біз биылғы жылы Қазақстан экономикасына ТШИ ағынын қалыпқа келтіреміз деп үміттінеміз.

Бірнеше күннен кейін елде Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау өтеді. СІМ-нің сайлау процесін ұйымдастырудағы рөлі қандай?

– Өздеріңіз білетіндей, Сыртқы істер министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі – шетелдегі азаматтарымыздың мүдделері мен құқықтарын қорғау. 54 елде олардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау үшін 66 сайлау учаскелері ашылады. Біз сайлау процесін жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асырамыз.

Қазақстан бақылау процесіне үлкен мән береді. Сайлауды бақылауға ДИАҚБ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан, ТМД Атқару комитетінен, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан, Ислам ынтымақтастық ұйымынан, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясынан халықаралық бақылаушылар және бірқатар елдерден ОСК өкілдері қатысады деп күтілуде.

СІМ-нің 2021 жылға арналған негізгі жұмыс жоспарлары туралы айтып берсеңіз.

– Сыртқы істер министрлігінің жаңа жылдағы басты міндеті - ұлттық экономикаға дағдарыстан шығуға көмек көрсету. Экономикалық және гуманитарлықтан басқа, бұқаралық, цифрлық және медициналық дипломатияны нығайту маңызды.

Қабылданған шешімдердің жылдамдығы, тиімділігі және оларды іске асыру үшін ресурстарды жеткілікті пайдалану маңызды. Пандемия тудырған әлемдік дағдарыс біз үшін ауыр сынақ болды. Бұған қарамастан, біз алдымызға әлдеқайда өршіл мақсаттар мен міндеттер қоямыз.

Сұрақтарымызға жауап бергеніңізге алғыс айтамыз!


Соңғы жаңалықтар