Мұқтаж алматылықтардың коммуналдық қызметке 80 миллион теңге қарызы кешірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж қалалықтардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша қарыздары кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қалалықтарға қатысты ұйымдастырылды.

Қаланың «АЛТС» және «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорындары жергілікті бюджеттің есебінен төленген жылудың, ыстық және суық судың дебиторлық қарыздарын есептен шығарды.

5 055 адамның берешегін қайтару үшін бюджеттен 79,9 млн теңге жұмсалады:

- 11 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен соғыс мүгедектерінің - 78 061 теңге;

- 840 еңбек майданына қатысушының - 4 659 507 теңге;

- 115 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендердің - 1 520 764 теңге;

- басқа мемлекеттерде болған соғыстардың 49 ардагерінің - 1 881 004 теңге;

- 462 кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп балалары бар көпбалалы отбасылардың - 15 898 519 теңге;

- 2 709 бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектердің - 37 619 113 теңге;

- 224 атаулы әлеуметтік көмек алатын адамның - 6 735 501 теңге;

- 211 ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткердің - 7 770 687 теңге;

- 346 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасының - 2 438 187 теңге;

- 88 асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатын отбасының 1 271 369 теңге көлемінде коммуналдық берешегі кешірілді.


Соңғы жаңалықтар