Мүлік иелері бірлестігіне көшу мерзімі өзгермейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізді пәтер иелері кооперативтерінің мүлік иелері бірлестігіне немесе жай серіктестіктерге көшу мерзімі өзгермейді. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған заңға сәйкес 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс өткізіп, мүлік иелері бірлестігін немесе жай серіктестікті таңдау тиіс болатын. Алайда елдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал меншік иелерінің жиналыс өткізуіне кедергі келтіргені сөзсіз. Осыған орай COVID-19-ды таратпау мәселелері жөніндегі ведмоствоаралық комиссияның ұсынысымен жиналыстарды өткізу мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қабылданған»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, мүлік иелері бірлестігіне не жай серіктестікке толық өту мерзімі еш өзгеріссіз қала береді.

«2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарудың барлық ескі түрлері – пәтер иелері кооперативтері, пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативтері, тұтынушылық кооперативтер жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктерге барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарын актіге сәйкес беруі тиіс әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жойылуы керек», - деді Нұрбек Серіков.


Соңғы жаңалықтар