Мумбаида ғимарат опырыла құлап, 11 адам ажал құшты

None
None
МУМБАИ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні кешке Үндістанның Мумбаи қаласында төрт қабатты ғимараттың опырыла құлауының салдарынан кем дегенде 11 адам мерт болды, жеті адам ауыр жарақаттар алды. Бұл туралы India Today журналы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, опырылу кезінде ғимараттың ішінде адам саны көп болған, олардың қатарында балалар да болған. Құтқарушылар үйінділердің астынан 15 адамды шығарды, тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, болған оқиғаның себебі нөсер жаңбыр болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар