«Мықты отбасы – мықты балалар» жобасы жалғасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпрарат – Алматыда «Мықты отбасы – мықты балалар» халықаралық жобасына қатысты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«SOS Қазақстанның балалар ауылдары» жобасы аясында «Мықты ата-ана - мықты балалар» жобасы еліміздің үш қаласында жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ Нұр– Сұлтан, Алматы және Теміртау қалаларында. Жоба негізінен отбасы құндылықтары, отбасындағы ортақ тәртіп, тәрбиелеудің әдістері, отбасындағы кикілжіңді шешу әдістері сияқты мәселелерді қамтыды.

«Бұл пилоттық жоба сегіз айға арналған болатын. Біз жұмысымызды наурыз айында бастадық. Бүгін қортындылап отырмыз. Осы уақыта аралағында біздің 20 маман ата-аналармен, балалар үйінің психологктарымен арнайы тренингтер өткізді. Нәтижиесі жаман емес. Бұл жобаға қатысқан адамдардың көбі бала тәрбиесіне қатысты өздерінің көзқарастарын өзгертті. Біз айтқан әдісті олар үйдегі баласына қолданғанда оны пайдасы болғанын жеткізді. Әсіресе баласына сабақты қинап оқытатындар оның тілін тауып, өзі қызығушылық танытатын жағдайға жеткініне қуаныштарын білдірді»,- дейді «Мықты ата-ана – мықты балалар» жобасының ұйымдастырушысы Алина Аблеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы 108 ата-анаға 10-12 сабақты курс өткізілді. Дәріс диалог ретінде өтті. Мамандар алдымен ата-ананың проблемасын тыңдайды, содан кейін одан шығу жолдарын бірге қарастырып, арнайы үй тапсырмасын береді.

«Менің төрт балам бар. Маған ең алдымен осы жобаның тақырыбы ұнады. «Мықты ата-ана – мықты балалар», бұл сөздер құлаққа өте жағымды естіледі екен. Мен ең алдымен мықты ана болғым келді. Осы курстарға қатысу арқылы бала тәрбиесі бойынша көп нәрсені үйрендім.Бізбен психологктар мен дәріскерлер жұмыс істеді. Олар бізді балалармен ашық әңгімелесуге, оларды тыңдауға, мақтауға үйретті. Әрине мұндай сөзді әр ата-ана баласына айтады. Дегенмен, мақтау сөздерін айтатын өз уақыты болады екен»,- дейді жобаға қатысушы Эльмира Оғарбаева.

Бұл жоба келесі 2020 жылы да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар