Мың күбі: Жаңаарқада қымыз піскен қыздың ескерткіші бой көтерді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жаңаарқаға кіреберісте «Мың күбі» мүсіні орнатылды. Осылайша, ауыл тұрғындары бір уақытта 10 мың литр қымызды шайқау бойынша әлемдік рекорд жетістігін мәңгі сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Жаңаарқа ауданында қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл және ауданның 90 жылдығы атап өтілді.

Мерекеге орай әлемдік рекорд орнатылды: бір уақытта 10 мың литр қымызды арнайы күбіде 1000 жаңаарқалық қыз-келіншек пісті.

Жетістікті халықаралық сарапшылар белгілеп алды.

«Мың күбі» мүсіні осы оқиғаға арналды. Ерекше нысан кент әкімдігімен орнатылған.

«Қазақ қызының бірегей мүсіні өткенді еске түсіреді және біздің өлкемізге сұлулық сыйлайды», - дейді жаңаарқалықтар.


Соңғы жаңалықтар