Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мюнхендегі теміржол станциясының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі авиациялық бомба Мюнхендегі Доннерсбергербрюке теміржол станциясының жанындағы Deutsche Bahn концернінің құрылыс алаңында жарылды.

Жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам зардап шекті. Оқиға орнына көптеген өрт сөндіру машинасы, екі тікұшақ және ондаған апаттық-құтқару қызметкерлері барды. Жараланғандардың бірі ауыр жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар